+7 (72336) 4-27-00

Риддер қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру және талқылау форматында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстел жұмысында атқарушы және өкілеттібилік органдарының, ҮЕҰ, Достық Үйінің этномәдени бірлестіктерінің, бизнес-қоғамдастығының, жастар, тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары, мәдениет мекемелерінің өкілдері және «НұрОтан» партиясы Риддер филиалының бастауыш ұйымдарыныңөкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің қатысушылары алдында Риддер қаласы әкімінің орынбасары Д.Б.Дүйсембаев сөз сөйледі, ол Мемлекет БасшысыЖолдауының маңыздылығын, барлық қазақстандықтар үшін өзекті және зәру тақырыптар қозғалғанын атап өтті. Жолдау, әдеттегідей, мағыналы және толық болды. Әрі қарай «Адами капитал – жаңғырту негізі» атты 7 – ші міндетін егжей-тегжей талқылап, оны Риддер қаласында іске асыруынатоқталды.
- Қалалық мәслихат хатшысы Игорь Иванович Панченко Жолдаудың 10 негізгі міндетін айтып, осы негізгі бағыттың қаламызда қалай орындалатынын түсіндіріп берді.
Президент Жолдаудың 7 міндетінде «Жалпыға бірдей тегін кәсіби- техникалық білім» жобасын іске асыруының жалғастыру қажеттілігіне көңіл бөлді. Осы сұрақ бойынша Риддер көпсалалы колледж директоры Елена Васильевна Соколова сөз сөйледі.
Мемлекет басшысының Жолдауы қазақстандықтардың барлық буындарында үн қатуда және Бағдарламалық құжатты түсіндіру бойынша үлкен жұмысты Ардагерлер кеңесі атқаратынын Ардагерлер кеңесінің төрайымы, Қаланың құрметті азаматы Клавдия Гавриловна Шушакова ақпараттандырды.
- Денсаулық сақтаудыңжаңғырту сапасытуралы Риддер қалалық аурухананың бас дәрігері Кітаппаева Гүлнәр Социалқызы қатысушыларға түсіндіріп берді.
Мемлекет Басшысының әрбір Жолдауы – Президенттің бұрынғы Үндеуінің қисынды жалғасуы және қойылған міндеттерді іске асыру бойынша алда жұмыстардың жүргізілуі. Бағдарламалық құжатты ілгері жылжыту жұмысында ауқымды міндет «НұрОтан» партиясына жүктеледі. Бұл туралы «НұрОтан»партиясы Риддер филиалының бірінші орынбасары Надежда Васильевна Климова атап өтті. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Риддер филиалының директоры Русин Василий Федорович жобаның шағын және орта бизнес үшін маңыздылығы туралы өз ойымен бөлісті.

Жолдауда белгіленген тұрғындар алдындағы мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері туралы «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММбасшысыЕ. Аусанұлы түсіндірді.

«Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауда қоғамымыздың экономикалық жағдайына ерекше көңіл бөлінген. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Демидова Елена Муртазаевна шағын және орта бизнестен түскен корпоративтік кіріс салығын өңірлік бюджеттерге тапсыру сұрағы шешуінің маңыздылығы туралы баяндап берді.
Қойылған мақсаттарды іске асырудағы Риддер қаласы жастарының рөлі туралы Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Донцова Евгения Андреевна сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелдің жұмысын қорыта отырып, «Риддер қаласының ішкі саяса бөлімі»ММ басшысы Дүкенбаева Анар Ораловна Елбасымыз өз Жолдауында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы - мәдениет пен идеологияны одан әрі дамытуға ерекше мән бергеніне тоқтады.«Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс». Дөңгелек үстел қатысушылары баршамыздың алдымызға мақсаттар қойылды және оларды табысты іске асыру үшін биліктің қоғам алдында және қоғамның билік алдындағы екіжақта жауапкершіліктің болуы тиіс деген бірауыз пікірге келді.

IMG 20180111 WA0085IMG 20180111 WA0087