+7 (72336) 4-27-00

12 қаңтарда Риддер қаласының Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауынының 10 негізгі міндетін түсіндіру және талқылауы болды.

Отырыстың жұмысына Қалалық мәслихат хатшысы Игорь Иванович Панченко, «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ басшысы Е. Аусанұлы қатысты. Өз сөздерінде олар Жолдаудың негізгі бағыттарының өзектілігі мен маңыздылығына тоқтап, мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына ерекше көңіл бөлді. Ерік Аусанұлы атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматына тоқтап 1 топтың кәмелет жасқа толған мүгедектерге күтімді жүзеге асыратын ата-аналарға мемжәрдемақыны енгізу туралы түсіндірді. Аталған жәрдемақы Риддер қаласында 58 адам алады.

И.И.Панченко әр мақсатты егжей-тегжей талдап, оларды Риддер қаласында іске асыру жолдарын түсіндірді.

«Риддер қаласының ішкі саяса бөлімі»ММ басшысы Дүкенбаева Анар Ораловна біздің Президентіміздің бейбітшілік, ұлттық бірлік және қоғамдық келісім идеясы еліміздің қоғамдық дамуының іргетасы болып табылатыны және Қазақстанның этносаралық толеранттылықты және конфессияаралық келісімді қамту саласындағы қызметі әлем деңгейінде еліміздің ең маңызды жетістігі ретінде танылды.

Риддер қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері Елбасымыздың Жолдауын бірауыздан қолдады және Жолдаудың барлық 10 міндеті қазақстандықтардың игілігі үшін табысты іске асырылатынына сенімділік білдірді.

cKyM9gwDIWE j1NXT xHzag