+7 (72336) 4-27-00

2018 жылғы 09 ақпанда Риддер тарихи-өлкетану музейінде, музей маманы        О.Ю. Сомовамен Сталинград шайқасындағы Кеңес әскерімен жеткен Жеңістің 75 жылына арналған, «№10 орта мектебі» КММ 9 сынып оқушыларына «Жау шебінде» атты тарих сабағы өткізілді.

Ұлы Отан соғысының тарихында бірнеше ұлы шайқастар бар, бірақ басты шайқастардың бірі Сталинград үшін шайқас болған делінеді. Гитлер Сталинградты басып алуды басты мақсат етті. Қаланы басып алмақшы болған, немістер кеңес үкіметінің экономикасына соққы келтіріп, моралды тұрғыда нұқсан келтірмекші болды. Елдің орталығына нан, мұнай, көмір, темір әкелінетін, Волга және Кавказ кен орындары арқылы Сталинград бақылауды қамтамасыз етер еді. Өзен КСРО-ның Еуропа бөлігі және Кавказдың сырты арқылы басты көлік артериасы  болғані. Мәскеу түбіндегі шайқаста жеңілген соң, Сталиннің есімімен аталған, қаланы басып алу басты кек қайтару болар делінеді.

Бұл шайқас 1942 жылдың 17 шілдесінде басталып, тура 200 күнге созылды, нәтижесінде Кеңес әскерінің неміс-фашистерін талқандап, Жеңіске жету арқылы 1943 жылдың 2 ақпанында аяқталды.

Олардың ерліктері сталинград көшелерінің бірінде «Казахская» және шыңдарды өз өмірлерін құрбандыққа шалып бағындырған «Шығыстың 11 батырларының шыңдары» деп мәңгі есте сақталған.

Жалпы, жау шебінде 50-ден астам қазақстандықтар, соның ішінде лениногорлықтар да шайқасқан еді. Сталиград шайқасына Қазақстан аумағында жасақталған 7 дивизия қатысты.

Сталинград кеңес халқының ерліктері мен тұрақтылық рәмізі болғаны күллі әлемге анық. Кеңес әскері мен жеткен Жеңістің шын мәнінде де ұлы екендігі туралы келешек ұрпағымыз естерінде мәңгі сақтаулары тиіс.

cghjmfgkjfryhjk jhfrgjfgjnfcg