+7 (72336) 4-27-00

09.02.2018 жылы Достық үйі кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына29-жыл толуына арналған "Сіздер біздің мақтанышымыз! атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге жауынгер-интернационалист - Риддер қаласыныңвоенкоморынбасары, "Шаңырақ"көпсалалы мектепКММкадет сыныбының оқушылары, достық үйінің этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, жастар клубы шақырылды. Директордың м.а. және қоғамдық келісімкеңесінің төрайымы жиналған қонақтарға бұл кездесу –Ұлы Отан соғысынан екі есе созылғанқайғылы ауған соғысына қатысқандар құрметіне және оларды еске алуға арналғанын баяндады.

Ауғанстандақызмет атқарған жауынгерлерді біз тек ордендерінен ғана танымаймыз. Бізоларды қаһарман келбеттеріненбілеміз. Бұл адамдарға әрдайым сенім артуға болады. Әрбіреуміздің осындай достарымыз, інілеріміз, әкелеріміз, аталарымыз болса дейміз. Ауған жауынгерлері барлық жиналған қауымға өздерінің сол жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Достық үйініңжастар клубының балалары оларға өз сұрақтарын қойып,оған құрметті қонақтар қуана-қуанажауап берді. Достық үйі қонақтарға өздерінің музыкалық сыйлықтарымен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Кездесуге 73 адам қатысты.

Фото Александр Пучеглазовтікі.

IMG 7976 IMG 7952 IMG 7956