+7 (72336) 4-27-00

2018 жылғы 9 ақпанда «Қыста құстарды тамақтандыр» экологиялық акциясы шеңберінде ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-да №41 Б/Б мектепке дейінгі балаларға «Құстар күні» атты мереке өткізілді. Акцияның мақсаты қоршаған ортаны қорғау және жанды табиғатқа ұқыпты қарау бойынша мектепке дейінгі балаларды белсенділікке тарту болды.  

Мереке түрінде безендірілген зал балаларды «Чудо в перьях» көрмесімен қарсы алды. Музей мамандары О.В. Андреева және С.В. Никифорова «Құстар әлемінде» атты экологиялық журналдың парақтарын ақтара отырып, балаларға құстардың алуан түрлілігі және тіршіліктері, олардың табиғатта және адам үшін маңызды рөлдері туралы айтып өтті. Мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтардағы сияқты  ауызша халық шығармашылығында құстардың бейнелері туралы тақырыптарын ашты. «Садко» ертегісінен, «Бақыт құсы» сыбыр дауысты құстың аңызынан бейнелер көрсетті. Әртүрлі құстардың әндерін және де «Құстардың сөйлесулері» туралы да тыңдады, Тіршіліктеріндегі мінез-құлықтары және фактілерімен және алуан түрлі реңтерімен таныс болды. Іс-шара «По словесному портрету ты скажи нам –кто же это?», «Знаю и отгадаю», «Ұшты-ұшты», «Дрозд» секілді тақырыптық ойындармен сүйемелденді.

Балалар Қазақстанның қызыл кітабына енген және біздің өлкеміздің қанаттылары, және де Қазақстан Республикасының мемлекеттік туында бейнеленген бостандық және тәуелсіздік рәмізі ретіндегі –бүркіт бейнесімен танысты.

Іс-шара ата-аналарымен бірге жемсуыттар жасаған балаларды бағалы сыйлықтармен және табиғатты сақтау жұмысына және музейдің экологиялық акцияларына белсенді түрде қатысқан тәрбиешілерге алғыс дипломдармен марапаттаумен  салтанатты сәтпен аяқталды. 

20180209 095204 20180209 102154 20180209 104733