+7 (72336) 4-27-00

«Қуыршақ – қыздардағы әйел адамдарына тән ғажайып түйсігінің біреуін жүзеге асыратын ең маңызды қажеттіліктердің бірі. Қуыршақсыз кішкентай қыз баласы жоқ әйел затындай бақытсыз және мүмкін емес», - деп Виктор Гюго өте дұрыс жазған.

№1кітапхана-бөлімшесінде «Қуыршақтар әлемі» тақырыбында «Шебер қолдар» үйірме сабағы өтті. Кітапханашы қуыршақтардың шығу тарихы туралы слайдтарды көрсетті. Барлық уақытта қуыршақ адамның тәрбиесіне және дамуына себепші құрал қызметін атқарған. Кітапханашы қуыршақтарды қандай материалдардан - балшықтан, ағаштан, матадан, жіптен және қандай мақсатта жасалғаны жайлы айтты.

Тұмар - қуыршақтар өздеріне зұлым күштерді тартты. Бұл қуыршақтар - берегини, қуыршақ - вербица, қуыршақ - золянка.Үйде береке және байлық болу үшін үйдің иесі «астық», немесе «жарма» қуыршағын жасады. Оны егін жиналғаннан кейін жасаған. Қуыршақтың негізі–алқаптан жиналған қаптағы дәндер болған.

Салт-дәстүрге арналған қуыршақтар: Масленица - қуыршағы, қысты шығарып, көктемді қарсы алғанда, Ажырамас қуыршақтар үйлену тойында, жастар бақытты және баянды өмір сүрсін деген ниетте жасалған.

Ойын қуыршақтары балалардың ойнауына арналған. Балалар өсіп, олар қуыршақтарды өздері жасайтын болды, олар өздері жасаған қуыршақтарын мақтағанды жақсы көргендіктен, олар мақтауға арналған қуыршақтар деп аталды.

Кітапханашы балаларға орап жасалған қуыршақ туралы айтып берді. Орама - жақсылық пен амандықтың белгісі. «Орама» қуыршағының атауының өзі «орау» сөзінен шыққан, және мұндай қуыршақтың жалпы көрінісі адамның, әйел немесе баланың пішінін, әдетте матаның бөліктерінен жасалады. Осы қуыршақтардың дене мүшелері түйіншек арқылы бекітіледі. Бұрғынғы кезде орама-қуыршақтар отбасының тұмары болып қалыптасқан.

Соңында қыздар өздері орама қуыршақты қолдан жасады.

Виктор Гюго.

fg1hj2kl3