+7 (72336) 4-27-00

Директоры, А1-3 санаты бойынша бос азаматтық лауазымына арналған конкурсты жариялайды:

ШҚО, 071300, Риддер қ., Тәуелсіздік даңғылы, 14

тел.: 4-43-36

 

«Риддер қаласының Мәдениет сарайы» КМҚК директоры іскерлігінің қысқаша анықтамасы:

  • мәдени ұйымдардың қызметіне басшылық жасайды;
  • шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады, жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жүргізеді;
  • көрмелер мен фестивальдердің, халықтық шығармашылық байқауларды, басшылардың көркемөнерпаздық семинарларын дайындап, өткізуді қамтамасыз етеді;
  • көркемөнерпаз ұжымдарының жұмысына бақылау жүргізеді;
  • саябақ және оның филиалдарының аймағында эстрадалық театрларды, кинолекториялар, планетарилер, кітапханалар, би билеуге арналған және ойын павильондарын, алаңдар, сырғанақтар, шаңғы және қайық станцияларын, мәдени-тұрмыстық және спорттық құрал-жабдықтарын жалға беру базаларын, әртүрлі аттракциондар мен халыққа қызмет көрсету объектілері, эстрадалық және үрлемелі аспаптар оркестрі, шығармашылық ұжымдарды, әртүрлі секциялардың дамуын және саябақ шаруашылығын сақтауды қамтамасыз етеді;
  • әдістемелік құралдарды, сценарийлерді, репертуар жасауды, осы мәліметтерге пікір білдіруді және шығармашылық ұжымдарға шығармашылық көмек көрсетуге білікті мамандарды жұмылдырады;
  • біліктілікті арттыруға жағдай жасайды, көтермелейді, қызметкерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады;
  • жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылайды;
  • құрылымдық бөлімшелер мен ведомствоға қарасты ұйымдардың лауазымды тұлғалар, орынбасарлар, басшыларға қызметті ұйымдастырудың бөлек бағыттарын жүргізуге бұйрық береді;
  • қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, мадақтау және жұмыстан шығару туралы шешімдер қабылдайды, басқару құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
  • заңдарды жүзеге асыру бойынша біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру: «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан-2050»: құрылған мемлекеттік жаңа саяси курсы туралы Стратегиясы, жыл сайынғы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауларын және т.б.;
  • Өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық жұмыстар ұйымдарына басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, оның балансындағы ұйымның мүлігін сақталуын және тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.

Байқау қатысушысына талаптар:

Білімі – келесі мамандықтардың біреуі бойынша жоғары, (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі): «көркемөнер», немесе «гуманитарлық ғылым» немесе «қызметтер» және мамандығы бойынша басшылық қызметтегі өтілі 5 жылдан кем емес немесе: біліктілікте бекітілген талаптарындағы арнайы дайындығы мен жұмыс өтілі жоқ, бірақ, іс-тәжірибесі жеткілікті және өзіне бекітілген лауазымдық міндеттерді толық көлемде сапалы орындаған жағдайда.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодесін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін; «Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын аталған санаттағы нақты лауазымның сәйкес мамандану саласында қарым-қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, басқа да аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімдерді білуі тиіс.

Байқау мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестациялау Ережелерінің негізінде, сондай-ақ 2015 жылғы 04 наурыздағы №10379 Әділет Министрлігінде тіркелген, 2015 жылғы 02 ақпандағы №70 Қазақстан Республикасының ұлттық экономика Министрлігінің бұйрығымен бекітілген оның үміткерлігін келісу, сол секілді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 25 маусымда №7755 тіркелген, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы №201-ө-м. бұйрығымен бекітілген басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасының 9 бабы негізінде өткізіледі.

Барлық қажетті құжаттар бар болған жағдайда, байқау комиссиясы құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде құжаттарын ұсынған тұлғаны байқауға қатысу үшін рұқсат беру туралы шешімді қабылдайды. Байқауға қатысуға рұқсат берілген тұлғалардың тізімі бекітілген соң, комиссия күнтізбенің он күні ішінде «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ байқау қатысушыларымен сұхбаттасуды өткізеді.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:

(байқауға қатысу туралы өтініші, мемлекеттік және орыс тілдерінде резюме, еркін түрде жазылған өмірбаяны, білімі туралы құжаттардың көшірмесі, еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда) немесе еңбек келісім шарты, немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын тоқтату және жұмысқа қабылдану туралы бұйрықтың көшірмесі, №6697 нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, «Денсаулықты сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама үлгілерін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген, үлгі бойынша денсаулығы туралы анықтама) «______________________» газетінде байқауды өткізу туралы хабарлама жарияланған уақыттан бастап күнтізбенің 15 күні ішінде 071300, Риддер қ., Тәуелсіздік даңғ., 3а мекенжайы бойынша сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін ұсынылуы қажет.  

Байқау қатысушысы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне (біліктілігін көтеру, ғылыми дәрежені және атақтарды беру, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттар көшірмесі, сондай-ақ бұдан бұрынғы жұмыс орыннан басшыдан ұсыныстар және т.б.) қатысты қосымша ақпаратты ұсынуына болады.

Анықтама тел., факс: 44343

«Риддер қаласының мәдениет,

тілдерді дамыту, дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ

басшысы                                                                                 Н. Мироненко