+7 (72336) 4-27-00

Соңғы уақытта балалар жарақаттарының құрылымында жетекші орындардың бірін балалардың терезелерден құлауы алуда.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің кезекші-диспетчерлік қызметтеріне келіп түскен ақпаратқа сәйкес, осы жылдың 5 айында ел аумағында балалардың биіктен құлауының 14 жағдайы болды.

Риддер қ. 2018 жылы, сондай-ақ 2017 жылдағыдай балалардың биіктіктен құлау кезінде жарақаттану жағдайлары бар.

Қайғылы оқиғалардың болуына әсер еткен себептер: балаларды қараусыз қалдыру және ата-аналардың немқұрайлылығы. Балаларды күту және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы мен міндеті болып табылатыны Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Ата-аналардың көбі ашық тұрған терезе бала үшін аса қауіпті болатындығын ұмытады. Балалар табиғи әуестігінен ашық тұрған терезе алдында өте осал.

Сенімділік елесін туғызатын терезе торы көбінесе қауіпті болады. Ол құлап кетуден сақтауға арналмаған. Керісінше – тор қайғылы оқиғаға итермелейді, өткені бала өзін қауіпсіз сезініп торға және терезеге сүйенеді.

Қауіпсіздік мақсатында жоғарғы желкөздерді, желдетудің тік режимін қолдануға, терезелерге терезені бірнеше сантиметрге ғана ашуға мүмкіндік беретін арнайы қауіпсіздік құлыптары мен фиксаторларды орнатуға болады.

Подъездтердегі ашық тұрған терезелер мен салынып бітпеген көп қабатты ғимараттар да қауіп төндіруі мүмкін. Ең мықты қорғаныс – бұл өз бетімен қауіпті сезіне білу. Ата-аналар балалармен үйде және көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде профилактикалық әңгімелерді өткізулеріне болады. Өйткені түйінді мәселелердің басым бөлігі қамсыздықтан болады.

Риддер қ. ТЖБ