+7 (72336) 4-27-00

Орталық балалар кітапханасы және Н.В.гоголь атындағы Орталық қалалық кітапхананың 80-жылды қарсаңында: Мәдениет сарайында «Кітапханалық әлем!» - біз осы елденбіз» атты кітапханалық фестиваль өтті.

Мерей тойда силықтар берілуі қажет, осы күні мадақтамалар және естелік силықтар екі кітапхананың оқырмандарына берілді: «Кішкене оқырман» Елисей Ломовской, «Оқырман - ғалым» номинацииясы бойынша Данил Рубцов, «Ең шығармашылық оқырман» номинацииясы бойынша Ксения Кайгородова, «Оқырман көшбасшы» номинацииясы бойынша Белкина Лидия Федоровна, «Интеллекті мырза» номинацииясы бойынша Исаков Геннадий Павлович, «Ең белсенді оқырман» номинацииясы бойынша   Коваль Виталий Куприянович.  Риддерлік ақындарда елеусіз қалмады: Климент Первушин мерейтойға арналған өлеңін оқып кітапханашыларды құттықтады. Фестивальдың қызықты жері кітап кейіпкерлерінің көрсетілімі болды.

Кітапханалық фестивальға қатысушыларды мерекелік бағдарлмалар күтуде болды.  Қатысушылар назарына кітаптан жасалған мозаикалар ұсынылды, ол жерден әр кімге өзіне ұнаған кітабын алуға болатын, сонымен қоса, бой өлшегіш жанына суретке түсіп, өз бойына қандай кітап қажеттігін білді. Сиқыршы періште, Армандар тағына отырып өз арманын ойлауды ұсынды.

Жас қатысушылар «Менімен бірге ән айт» атты шығармашылық әдебиетті караокеге қатысты, «Арт-вернисажа» алаңында әдебиет кейіпкерлерінің суретін салды, қолдан жасалған дүниелерін қалдырды.  Әр түрлі ертегі кейіперлерін ойнап өздерін нағыз  артист деп сезінді.  Ал өз ақылдылықтарын «Ларчик сұрақ қойғыш» бөлімінде танытты, ол жерде сұрақтар, ребустар және пазлдар болды.

Ал ересек оқырмандарды ақындық батлдар күтіп тұрды, ол жерде арбитрлар Ресей жазушылар одағының мүшесі Клим Первушин және (кітапхана еңбек ері) Татьяна Ведерникова болды, силыққа риддерлік жазушылардың қолдары қойылға кітаптары берілді.  Кітаптар ханшайымы адам бейнесі арқылы қай кітаптың авторы екенін тау керектігін сұрады. Қатысушыларды «Ацтектердің құпия қазынасы» атты оқиға-ойын қызықтырды, олар ол жерде «отты өзен» нен тастар арқылы өтіп, ребустарды шешіп өздерінің тапқырлықтарын көрсетті. Оқуды сүйетіндерді кітаптар кафесі күтуде болды, ол жерде мәзірде кітапханашы-даяшы ұсынған, классикадан басталған қиял –ғажайыптар және детективті романдар болды, осы жерде кафеге келушілерге викторина сұрақтары және кітапхана, кітаптар туралы жұмбақтар ұсынылдых. Классиканы танушыларына әдебиетті аукцион ұйымдастырылды.

Кітапханалық фестиваль флешмобпен аяқталды, ол қатысушылардың барлығына қызықты әсер қалдырды.

Кітапханалық фестивальдың демеушілері «Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, компьютер фирмасы «Компас» ЖК Ю.А.Филиппский, ЖК В.М. Федченко, ЖК Алиев «Милый дом» дүкені.

DSC 0478 DSCN2262DSCN2385