+7 (72336) 4-27-00

2017 жылдың 10 қазанында Шығыс Қазақстанда шұғыл жағдай туындағанда немесе туындау қауіп-қатері кезінде дабылдардың дыбыстық белгілерінің жоспарланған жаттығулары өтеді. Мұндай оқу-жаттығулар дауыскүшейткіш қондырғылардың жұмысқа жарамдылығын тексеруге ғана емес, сондай-ақ азаматтарды да тексеруге арналған. Халық барыншы әзірленген және дабыл қосылған кезде өз іс-қимылдарын нақты білулері тиіс. Дыбыстық белгі адамдарда үрей туғызбауы тиіс, керісінше, «Баршаның назарына!» дабылын білдіріп халыққа арналған маңызды ақпарат берілетін теледидар мен радиоқабылдағыштарды қосуға шақырады.
«БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылы кезінде халықтың іс-қимылы
Төтенше жағдай туындаған жағдайда немесе туындау қауіп-қатері кезінде: апаттар, зілзалалар, табиғи апаттар, әуе қауіпі, химиялық, радиоактивті зақымдану қауіпі және өзге қауіпті құбылыстарда қалаларда, елді-мекендерде, халық шаруашылығы объектілерінде дабылдар, гуілдер, өзге дыбыстық белгі беру құралдары, арнайы автокөліктер дабылы қосылады.
Дабылдардың дауысы - «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылы екенін барлық ересектер естеріне сақтаулары және балаларға түсіндірулері қажет. Оны ести сала, қорқудың қажеті жоқ. Оның себебін түсіндіруді күтіңіз.
Ауызша ақпаратты толық тыңдап, түсініп, оның кеңестерін орындау қажет. Егер Сіз ақпаратты толық тыңдамасаңыз, радионы немесе теледидарды сөндіруге асықпаңыз, ақпарат тағы да қайталанатын болады. Ең алдымен су кірмейтін орамға салынған құжаттарды, ақшаны және мүмкіндігінше тәулікке жететін азық пен ауыз су қорын алу керектігін есте сақтаңыз.
Дабылдар дауысы естілмейтін және дауыскүшейткіш орталық радиотарату толқыны жоқ жерлерде «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылы және ауызша ақпаратты дауыскүшейткіш қондырғыларымен жабдықталған арнайы автокөліктер беретін болады.
Балаларды мектептен және балабақшалардан алмаңыз. Бұл оларды қауіпсіз жерлерге жіберу уақытын бөгейтін болады. Балаларыңызға қамқор болады. Олардың қорғанысы бірінші кезекте көзделген.
Тұрғылықты жеріңіз бойынша көршілерді ақпараттандырыңыз – олар беріліп жатқан ақпаратты естімеулері мүмкін. Үрей мен кез-келген алып-қашпа сөздерді дереу тыйыңыз.

Риддер қ. ТЖБ

rtrrt