+7 (72336) 4-27-00

2017 жылдың 26, 27-ші қазанында ЖШС «Бақытты кез» «Достық» балабақшасының 2-ші кіші «Маша мен аю» тобында «Балалар қалай Күзді іздеді», ортаңғы «Жидектер» тобында «Күзгі саяхат», 1-ші кіші «Смешарики» тобында «Күз келді», ересектер «Жұлдызша» тобында «Күз, Күз, қонаққа кел!» тақырыптарында күз мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Тәрбиешілер Лукьянова Т.Е., Должикова А.О., Воеводина Н.П., БиктимероваТ.С., Бушина Н.М, Кайсенова Э.Н., Кенжебаева А.А., Шойбекова Ж.О. и хореограф Е.С. Ботованың басқаруымен ертеңгіліктер сценарийлері құрылды. Мерекеге барлық топтың балалары қамтылды. Тапсырмалар мен ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып алынды. Барлығы да жоғары эмоцияда белсенді түрде қатысты, ешкім назардан тыс қалмады. «Күз Аруының» , жас көрермендер театрының жетекшісі Н.П. Максименконың орындауындағы «қара Бұлт», кішкентай «Үйрек» , «Мухомор» саңырауқұлақ кейіпкерлерінің келуі балаларға үлкен әсер қалдырды. 1-ші кіші «Смешарики» тобы балалары қуыршақ театрының орындауындағы «Бауырсақ» ертегісінің қойылымын зор ынтамен тамашалады. Балалар күз мезгілі, табиғат туралы тақпақтарын айтып, ән салды. Барлық топтың тәрбиеленушілері дөңгелене шеңбер жасап, би билеп, ойындарға белсене қатысты. Ата-аналар мен балалардың күшімен «Алтын күздің кереметтері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Балалар мен ата-аналар мерекеге өте риза болып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.Әдіскер/меңгеруші: Елшибекова К.М.

dfghh fghhffh ghjgjgh ukk