+7 (72336) 4-27-00

Оқушылар үйінің техникалық бағыттағы жұмысының бірі- авиамодельдеу болып табылады. Сондықтан да бұл сайыс түрі жылдан- жылға үлкен қызығушылықпен өтіп келеді.
Биылғы оқу жылында 3-5 сыныптар арасында өткен сайысқа №10 ОМ, №14 ОМ, №3 ОМ, М.Горький атындағы ОМ, №1 мектеп- лицей, №16 ОМ, №12 ОМ оқушылары қатысты. Сайыс 3 кезеңде өтті. Оқушылар шаблон бойынша ататын планер дайындау, оны сынақтан өткізіп, сайыс күні ұшу мен қонудың дәлдігн і көрсетулері қажет болатын.
Сайыстың қорытындысы бойынша №14 ОМ жеңіске жетті, №10 ОМ командасы- 2 орын, №16 ОМ -3 ші орынды иеленді.
Жеке сайыста Зиватдинов Азамат(№14 ОМ), жеңіске жетті. 2-ші орында – Якушин Артём (№10 ОМ), 3-ші орында Боровиков Андрей (№12 ОМ). Барлық жеңімпаздар естелік сыйлықтар мен грамоталарға ие болды.
Өз үміткерлерін қолдап келген көрермендер үшінде қызықты сайыстар өткізілді. Көрермендер ішінен жеңіске жеткен Бородин Вольтерге де сыйлық табыс етілді. Көрермендер де қатысушылар да көтеріңкі көңіл - күймен қайтты.

Бұқаралық бөлім меңгерушісі: Л.Кожухова

20171103 122944 20171103 123135