+7 (72336) 4-27-00

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларына сәйкес, «Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ «№14 орта мектебі» КММ директорының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.
«№14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мына мекенжай бойынша орналасқан: Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, 3 ықшамаудан, 23 үй, телефоны 5-27-99.
«№14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңына сәйкес, негізгі жалпы және орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламасын жүзеге асырады.
Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдағы еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.
Үміткерлерге қойылатын қосымша талаптар: ҚР Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, ҚР «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнаулы мемлекеттік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа білім беруді дамытудың бағыттарын және келешегін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерін, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым және практика жетістіктерін, менеджмент, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек заңнамаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғаныс, санитарлық ережелер мен нормаларын білуі тиіс.
Орта білім беру мекемесі басшысының қызметтік міндеттері:
Білім беру ұйымы қызметіне оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басшылық етеді. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірге мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жүзеге асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын және бағдарламаны бекітеді. Жалпы біліммен қамту заңына сәйкес бекітілген учаске бойынша балалардың міндетті білім алуын қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Заманауи ақпараттық технологияны дамытуды қамтамасыз етеді.

Мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдары, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдарының қызметіне көмектеседі. Білім беру қызметін жүргізу құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылардың және тәрбиеленушілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрмыстық, еңбектік және басқа) қорғайды, оларға туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар қолданады. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың белгіленген нормалардан төмен өмір сүрмеуіне жағдайлар қамтамасыз етеді. Оқыту-білім беру үдерісі кезінде білім беру ұйымының білім алушылары (тәрбиеленушілері) мен қызметкерлерінің өмір және денсаулық қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында тамақтандыру және дәрігерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастарады және бақылайды. ҚР заңнамасында белгіленген шекте білім беру ұйымының мүліктеріне, қаржылық және материалдық қаражаттарына иелік етеді, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттарының түсуі және жұмсалуы туралы жылдық есепті ұсынады. Нормативтік талаптарға сәйкес оқыту-материалдық базаның сақталуына және толығуына есеп жүргізеді, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді. Педагогикалық кадрларды және қосымша қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, штаттық кестені және қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады.
Лауазымдық жалақы мөлшері 82 000 теңгеден 99 988 теңгеге дейін.
Үміткерлер конкурсқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) конкурстық комиссия төрағасының атына жазылған, тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
3) білімі туралы құжат көшірмесі;
4) еңбек кітапшасының көшірмесі;
5) фотосуретімен кадрларды тiркеу жөнiндегi жеке iс парағы;
6) бұрынғы жұмыс орнынан тағайындалған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген, өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты немесе оқу дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі;
8) медициналық куәландыру туралы құжат;
9) сотталмағандығы туралы анықтама.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Риддер қаласы, Семипалатинская көшесі 10, «Риддер қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Анықтама телефоны 4-24-98, 4-29-98.