+7 (72336) 4-27-00

2017 жылғы 1 желтоқсанда Риддер тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін мерекелеу шеңберінде, қала тұрғындары мен қонақтарына өз есігін ашты. Музейге кіру тегін болғандықтан, жәдігерлерді көру үшін барлық келушілердің мүмкіндіктері болды!
Қазақстан Республикасы Президентінің туған күні қарсаңында Нұсұлтан Назарбаевтың өмірлік жолы мен саяси қызметінің негізгі кезеңдеріне арналған «Елбасы» атты көрме ашылды. Көрмеде нарық экономикасына ауысу кезеңінде (қайта құрылыс) қаламызда туындаған әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қатысуымен болған оқиғалар бейнеленген. ҚазКСР Президенті, Қазақстанның Компартия ЦК алғашқы хатшысы бола тұрып, Нұрсұлтан Назарбаев Лениногорск қаласына 1990 жылғы 31 қазанда келіп қайтқан. Республика Президентіміздің келесі келуі қаламызға тарихи атауы берілгенмен байланысты болған. 2002 жылғы 28 маусым.
Он-лайн режиміндегі слайдтарда, соның ішінде еліміздің бүгінгі көшбасшысының жас кезіндегі және сирек кездесетін фото суреттерді, оның бастапқы еңбек қызметін көруге болады. Қалауынша келушілер-Қазақстан Республикасы Президенті туралы өмірбаяны баяндалатын фильмді көре алды.
Келушілер үшін ХІХ және ХХ ғасырдың –бірінші ширегінде қала және облыс аумағында тұрған, ШҚО халықтарының материалдық және рухани мәдениетімен таныстыратын жәдігерлер ұсынылған. Біздің ата-бабаларымыздың этнографиялық мұралары тұрмыстық, жарқын және әдемі киім үлгілері, үй жабдықтары, сондай-ақ қолөнершілердің бұйымдары түрінде ұсынылды.
«Астана-әлемдегі алғашқы» атты көрме көрсетілді. Көрменің материалдары қаламыздың негізгі құрылысы мен даму кезеңдерін бейнелейді, және осы рәсімдегі Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың айырықша рөлін куәландырады.

uyuurtyu