+7 (72336) 4-27-00

«Казцинкмаш» ЖШС техникалық қайта жарақтандыру жобасы

«Казцинкмаш» ЖШС техникалық қайта жарақтандыру жобасы өндірушілікті арттыру мен өндірілетін өнімдердің сапасын жоғарылату мақсатымен ескірген жабдықтарды және технологияларды жаңа жоғары интеллектуалдыға толығымен ауыстыруға бағытталған.

Жүзеге асыру кезеңі – 2007-2010 жылдар.

Жалпы құны – 5892,8 млн. теңге.

Жаңа жұмыс орындарын құру жобамен қарастырылмаған.

Жобаны іске асыру кезеңінде 5892,8 млн. теңге сомасында инвестиция игерілді.

Пайдалануға беру жоспарға сәйкес 2010 жылғы желтоқсанда жүзеге асырылды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде кәсіпорынның негізгі өндірістерінің жабдықтары: өндірушілікті арттыру мен өндірілетін өнімдердің сапасын жоғарылату мақсатымен  құю, қазан және механикалық жинақтау цехтарының жабдықтары жаңа жоғары интеллектуалдыға ауыстырылды. Жаңа жабдықтармен қатар сандық бағдарламалық басқарылатын станоктар үшін басқару бағдарламаларын автоматты түрде құруға мүмкіндік беретін осы заманға сай бағдарламалық өнімдер енгізілді.

«Казцинк» ЖШС РМК «Мырыш өндірісін реконструкциялау» жобасы

«Казцинк» ЖШС РМК «Мырыш өндірісін реконструкциялау» жобасы күйдіру цехының жұмысын тұрақтандыруға, шырақ қалдығының жеткілікті мөлшерде және күкірт сульфиді мен күкірт сульфатын қату бойынша қажетті сапада шығарумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Іске асыру кезеңі –2010 жыл.

Жалпы құны – 370,8 теңге.

Жаңа жұмыс орындарын құру жобамен қарастырылмаған.

Іске асыру кезеңінде 370,8 млн. теңге сомасындағы инвестиция игерілді.

Пайдалануға беру 12.12.2010 жылыжүзеге асырылды.

Қойылған мақсат кемелдендірілген құрылымы бар жаңа түрдегі РКЦМ 15/40-18 кәдеге жаратушы қазаны бар жаңғыртылған пештің құрылысымен жеткізілді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде:

-        блоктың жұмыс істеу ұзақтығы артты: КС пеші - кәдеге жаратушы қазаны;

-        жөндеуге шығындардың азаюы есебінен пайдалануға беру шығындары азайды;

-        ластайтын заттарды тастаудың азаюы есебінен экологиялық төлемдер қысқарды;

-        меншікті бу шығарудың артуы есебінен РТЭЦ буын қолдану азайды;

-        мырыш шырақ қалдығының сапасы артты, соның есебінен мырыш кектерін шығару және оны қайта өңдеуге шығындар қысқарады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде тауар өнімдерін өндіру ұлғайған жоқ. 

«Казцинк» ЖШС РТБК Тишинка кенішінің төменгі деңгейжиектеріндегі кен денелерін дамыту» жобасы

«Казцинк» ЖШС РТБК Тишинка кенішінің төменгі деңгейжиектеріндегі кен денелерін дамыту» жобасы  барлауға, Тишинка кенішінің төменгі деңгейжиектеріндегі кен денелерінің жаңа учаскелерін дайындауға бағытталған.

Іске асыру кезеңі –2009-2014 жылдар.

Жобаның жалпы құны – 2854,75 теңге.

Жаңа жұмыс орындарын құру жобамен қарастырылмаған.

Жобаны іске асыру кезеңінде 2854,75 млн.теңге инвестициялар игерілді.

Пайдалануға беру жоспарға сәйкес 30.06.2014 жылы жүзеге асырылды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде, кенорындарда кенді жылдық өңдеудің жоспарлық көлемдерінің өсуі көзделмеген, бұл жоғарғы деңгейжиектерді әзірлеуден кезеңмен шығаруға байланысты болды.

Жобалық қауттылыққа шығару 2015 жылғы қаңтар ға жоспарланды.

Жобаны жүзеге асырудың түпкілікті нәтижесі – 17-18 деңгейжиектерді ашу есебінен Тишинка кен орны бойынша қорлардың өсуі, Тишинка кенішінің өндірістік қуаттылығын 2024 жылға дейін қолдау.

Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілген жобалардың тізімі

 № р/с

 Жобаның атауы

 Өтініш беруші

 Жүзеге асыру мерзімі,

жылдар

Жобаның құны, млн. теңге

 Жобаны жүзеге асырудан бастап игерілді, млн. теңге, %  

 Жобаның ағымдағы жағдайы

Соңғы нәтиже

1

Тишинка кенішінің төменгі деңгейжиектеріндегі кен денелерін дамыту

"Казцинк" ЖШС РКБК

2009-2014 

2854,75

2854,75 (100%)

Объект 30.06.2014 жылы пайдалануға берілді

Тау-кеніш базасын кеңейту, кенішті пайдалануға беру мерзімі 2024 жылға дейін ұзартылды

2

Мырыш өндірісін реконструкциялау – қкәдеге жаратушы қазаны бар КС №3 пешін салу

“Казцинк” ЖШС РМК

2008-2010

370,8

370,8 (100%)

Объект 2010 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді

Шырақ қалдықтарын күйдіру мен кектерді сүзу үрдісін тұрақтандыру

3

Техникалық қайта жарақтандыру

“Казцинкмаш” ЖШС

2007-2010

5892,8

5892,8 (100%)

Объект 2010 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді

Заманға сай жоғары интеллектуалды жабдықтар мен технологияларды енгізу

 

Казцинк ЖШС, «Долинный кен орнын ашу, қосымша барлау және өңдеу» жобасы.

Мақсаты: тау-кен базасын кеңейту;

Жобаны іске асыру мерзімі – 2013 – 2020 жылдар;

Жобаның жалпы құны  - 34.348,8 млн. теңге;

Қаржыландыру құрылымы- меншікті қаражат.

Жұмыс орындарының жалпы саны – құрылыс кезінде 121 адам, пайдалануға беру кезінде 190 адам.

2020 жылы Долинный кен орнының жобалық қуатына шығуы жылына 300 мың тоннаға дейінгі көлемде жоспарланып отыр.

Жобаны іске асырудың басынан бастап 12985,512 млн. теңге немесе 37,8% игерілді, 2018 жылға арналған қаржыландыру жоспары 6826,0 млн. теңгені құрады, 01.04.2018 жылғы жағдай бойынша 1387,49 млн. теңге немесе 20,3% игерілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.03.2017 жылғы №57 қаулысына сәйкес,  Казцинк ЖШС «Долинный кен орнын ашу, қосымша барлау және өңдеу» жобасы ШҚО кәсіпкерлікті қолдау  картасына енгізілді.

Жобаның ағымдағы жағдайы: 2018 жылғы қаңтар-наурызда күрделі ілеспе құбырларды төсеумен, 19 162 м3 көлемінде №1 және №2 көлбеу еңістері бойынша тау-кен ұңғылау жұмыстары орындалады.