+7 (72336) 4-27-00

«Риддер қаласының білім беру  бөлімі» ММ

2017 жылғы ҰБТ  қорытындысы бойынша

Ақпарат

 2017 жылы алғаш  рет оқушылардың білімін тексерудің басты кесіндісі жаңа форматта өтті. Ұлттық бірыңғай тестілеу екі бөлімге бөлінген: мектептердегі қорытынды емтихандар сияқты қорытынды аттестациялау және ЖОО түсу емтихандары сияқты ҰБТ.

29 мамырдан 9 маусым аралығында  11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы 5 пән бойынша (1 пән олардың кәсіптік оқуын ескере отырып  таңдау бойынша) қорытынды емтихан түрінде өткізілді.

 Барлық  емтихандар  олардың оқу орындары бойынша мектеп базасында өткізілді. Барлық  жұмыстарға ҚР Білім және ғылым министірлігі жолданған нұсқаулықтар бойынша  бірыңғай бағалау критерийлері қолданылды.  Қорытынды аттестацияның  барлық материалдары Ұлттық тестілеу орталығымен құрастырылған.

 Емтиханды өткізу түрлерімен  тізімдері төмендегідей:

  1. Ана тілі және әдебиеті бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан.  
  2. Алгебра және талдау бойынша  5 тапсырмадан тұратын жазбаша емтихан. 
  3. Қазақстан тарихынан билеттер бойынша ауызша емтихан. 
  4. Орыс тілінде оқитын мектептерді қазақ тілінен тестілеу, қазақ тілінде оқитын мектептерді орыс тілінен тестілеу.  

2017 жылы түлектер саны 271 адамды құрады (2016 жылы 234  түлек)

 Соның ішінде:

- денсаулық жағдайына байланысты  17 адам босатылды;

- қорытынды аттестациялауға  254  түлек қатысты.

2016 жылмен салыстырғанда 2017 оқу жылында «Алтын белгі» белгісін растағандар саны 6 адамға артты,  үздік аттестатты растағандар саны 9 адамға артты. 

 

2016, 2017 жылдары   «Алтын белгі» белгісін  растаған түлектер саны.

жылдар

Алтын белгі

Аттестат с отличием

 

үміткерлер саны

растағандар

%

үміткерлер саны

растағандар

%

2016

4

3

75

4

3

75

2017

9

9

100

12

12

100

қорытынды аттестаттау  нәтижелері бойынша білім сапасы 54,3%құрады, ол 2016  жылмен салыстырғанда  3 % артық. 

 

Қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша мектептер бойынша рейтингі.

мектептер

Түлектер саны

Қорытынды аттестаттауға қатысқан  оқушылар саны

емтихан қорытынды лары бойынша нәтижелері

1

 «№1мектеп-лицей» КММ

33

25

71,8

2

 «Шанырақ» КМГ» КММ

31

30

65,9

3

 «№17 орта мектебі» КММ

12

12

59,7

4

 «№10 орта мектебі» КММ

42

40

56,2

5

 «№2 орта мектебі» КММ

33

32

55,5

6

 «№16 орта мектебі» КММ

28

27

53,9

7

 «№14 орта мектебі» КММ

34

34

51,4

8

 «№3 орта мектебі» КММ

28

28

50,2

9

 «№5 орта мектебі» КММ

19

18

45

10

 «№12 орта мектебі» КММ

11

8

31,8

Қорытынды атестаттаудың  салыстырмалы талдауы 3 мектепте оң нәтижелілігін  көрсетті:    «№1 мектеп-лицей» КММ, «Шанырақ» КМГ» КММ, КГУ,  «№17 орта мектебі» КММ,  «№10 орта мектебі» КММ, «№2 орта мектебі» КММ.

5 мектеп бойынша  нәтижелері қала көрсеткішінен жоғары. 

Білім  сапасының жоғарлауы  «№1 мектеп-лицей» КММ, «Шанырақ» КМГ» КММ, КГУ,  «№17 орта мектебі» КММ,  «№10 орта мектебі» КММ, «№2 орта мектебі» КММ байқалады.

Теріс динамика келесі мектептердің қорытындысынан  байқалады:

 «№3 орта мектебі» КММ,  «№12 орта мектебі» КММ,  «№5 орта мектебі» КММ.

Емтихан қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға болған жоқ.    2016 жылы «математика» пәні бойынша 1 оқушы қанағаттанарлықсыз баға алды. 

Пәндер бойынша білім сапасын талдай отырып, мектеп түлектері орыс тілінен, Қазақстан тарихы пәндерінен жоғары нәтижелер көрсеткенінатап айтқымыз келеді. Өте жоғары дәреже «Ағылшын тілі», «География», «Әдебиет» пәндері бойынша көрсетілді.

Соңғы екі жылда 70%  аса  түлектер жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді  таңдайтын  болды.

Қорытынды аттестаттаудың қорытындысы бойынша көбірек таңдалатын пәндер болып: география- 22,8%,  биология-29,3% қалады.

Аталған пәндер бойынша тестілеу нәтижелері жеткілікті жоғары дәрежеде: биология ,  география .

Ұлттық бірыңғай тестілеу Риддер қаласында 2017 жылдың 21 маусымында ҰБТ Пункті жанында өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылар келесі пәндер бойынша тест жұмыстарын тапсырды:

1.Математикалық сауаттылық – 20 тапсырма

2.Оқу сауаттылығы – 20  тапсырма

  1. Қазақстан тарихы  – 20 тапсырма

2 блок:

  1. Кәсіптік пән 1 – 30 тапсырма
  2. Кәсіптік пән 2 – 30 тапсырма.

Өту балы  50-де өзгертусіз қалды. Ең жоғарғы бал саны 140 құрады. «Алтын белгі» иегерлері ҰБТ жалпы негізде тапсырды.

 2017 жылы қала мектептерінің  67 түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті, ол жалпы санынан 24,7% құрайды. .

Түлектердің  3 жылғы тестілеуге қатысуы

 

жылдар

2015

2016

2017

Түлектер саны

220

234

271

қатысқандар саны

92

100

67

қатысу%

41,8

42,5

24,7

Жыл сайын «Шаңырақ» КМГ» КММ түлектері ҰБТ 100%  қатысады.  2017 жылы ҰБТ қатыспағандар: «№17 орта мектебі» КММ, «№12 орта мектебі» КММ.