+7 (72336) 4-27-00

Жолдаймын 2017-2018 жылдарға оқытушы кадрларға қажеттілік.

Білім беру мекемелерін оқытушы кадрлармен камтамасыз етуді шешу жолы туралы ақпарат.
Сапалы оқыту–тәрбие үрдісі үшін білім беру ұйымдарында педагогикалық кадрларды қамтамасыз етуде маңызы зор.
Қазіргі білім беруді қалыптастыру педагогикалық кадрларға жаңа талаптарды қояды. Қазіргі уақытта жоғары білікті, шығармашылық жұмыс істейтін, әлеуметтік белсенді және бәсекеге қабілетті педагогикалық тұлғаға сұраныс артылды.
Қазіргі уақытта педагогикалық кадрлардың тапшылық мәселесі тұр. 2017-2018 оқу жылында математика, бастауыш сынып, тәрбиеші, музыка жетекшісі, ағылшын тілі мұғалімдер мамандықтары тапшы.
Қалалық білім беру бөлімінің басты міндеті жұмысқа жас мамандарды тарту болып табылады. 2016 жылы жұмысқа 14 жас мамандар қабылданған. Соның ішінде жоғары педагогикалық біліммен 9 адам және арнайы орта біліммен 5 адам.
Қалада 20 жылдан жоғары жұмыс өтілімен педагогтардың жоғаоы үлесі қала береді, білім беру жүйесіне жас мамандардың келмеуі туралы растайды және кадрлардың қартаюын көрсететін.
«Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ қалаға жас мамандарды тарту бойынша Семей қ., Өскемен қ., Павлодар қ. педагогикалық жоғары оқу орындарымен үлкен жұмыс жүргізеді.
Педагогикалық кадрлардың тапшылық мәселесін шешу мақсатында білім беру бөлімінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
1) Д. Серікпаев ат. ШҚМУ, ҚАЕУ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті, Өскемен қ. Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжі, Семей қаласының педагогикалық колледжі, Павлодар қаласының педагогикалық университеті және т.б. сияқты облыстың жоғары және орта-арнайы оқу орындарымен өзара байланысы орын алған.
2) Қаланың мектеп түлектерін педагогикалық мамандыққа түсуге және оқуды аяқтағаннан кейін туған қалаға қайтып келуге көздеу мақсатында білім беру мекемелерінде кәсіби бағдарлау жұмысы жүргізілуде.
3)Қаланың жұмыспен қамту бөлімімен тұрақты түрде ұйымдастырылатын бос орын жәрмеңкесіне белсенді қатысамыз, Өскемен және Семей қалаларына барады.
2017 жылы наурыз айында білім беру бөлімінің басшысы және қала мектептерінің директорлары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетінің және Семей қаласының педагогикалық институтының түлектерінің бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
2017 жылы сәуір айында балалардың мектепке дейіңгі мекемелерінің меңгерушілері Шығыс-Қазақстан облысының гуманитарлық колледжі түлектерінің бос орындар жәрмеңкесіне қатысты. Түйіндемелер қаралып, жәрмеңкеге қатысушылар Риддер қаласы бойынша бар бос орындарға жұмысқа шақырылды.
Білім беру бөлімінің педагог кадрларға қажеттілігін толық қанағаттандыру, педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік дайындығының деңгейін жоғарлату, шығармашылық жән мансаптық өсуі үшін жағдай жасау мәселелері қалалық білім беру бөлімінің күнделікті жұмысында басты міндеті болып, үнемі бақылауда қала береді.